Айдар парағына өту

Органдарды трансплантаттау туралы не білу керек Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.09.2021

органдарды трансплантаттауОргандарды трансплантаттау - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.

Органдарды трансплантаттау кез-келген адамға, ересек адамға да, балаға да қажет болуы мүмкін, ешкім денсаулықты жоғалтудан сақтандырылмаған.

Көптеген ауру адам ағзасының жұмысын тоқтатып, оны трансплантаттау қажеттілігіне әкеп соқтырады.

Бүгінгі күні елімізде 3 мыңнан астам адам ағзаларын ауыстыруға зәру, оның ішінде 113 бала. Кейбір пациенттің өмір санауы күндерге емес, сағаттарға кетеді. Қазақстандықтар басқа ағзаларға қарағанда бүйрек ауыстырып салуды қажет етеді - 91,5%, содан кейін жүрек – 4,4%, бауыр – 4% және өкпе, өкпе-жүрек кешенін қоса алғанда – 0,1%.

Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі трансплантаттанады. 2012 жылдан бастап 1 892 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде тірі донорлардан - пациенттердің 80%-ы және қайтыс болған донорлардан – 20%-ы.

Қазіргі уақытта трансплантаттау орталықтарының мәліметтері бойынша осы жылдар ішінде операция жасалған азаматтардың 86,2%-ы ҚР-да тұрады.

Кім донор бола алады?

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі адам (тірі кезінде донор) және қайтыс болған (қайтыс болғаннан кейін донор) донор бола алады.

Төмендегі талаптарға сәйкес тұлға тірі дене мен тіндердің тірі кезіндегі доноры бола алады:

  • 18 және одан да үлкен жаста;
  • әрекетке қабілетті;
  • әлеуетті реципиентпен (орган трансплантациясын қажет ететін пациент) генетикалық байланыста болатын немесе онымен тіндік үйлесімділігі бар (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне ықпал ететін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті);
  • жұп органның (бүйректің) біреуін немесе органның бір бөлігін (бауырды) алуға нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін білдірген;
  • органды (органның бір бөлігін) алып қою оның денсаулығының біржола бұзылуына әкеп соқпайтынын растайтын жан-жақты медициналық тексеруден өткен.

Қазақстанда тірі кезіндегі донордан ағзаны (ағзаның бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды, ол теріс пайдалануды болдырмау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жоғарыда аталған барлық растайтын құжаттарды қарайды, әлеуетті реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты белгілейді.

Қайтыс болғаннан кейінгі донор 18 және одан жоғары жастағы, мүшелері немесе тіндері реципиентке транспланттау үшін пайдаланылуы мүмкін бас миының біржола семуі анықталған адам бола алады. Өлімнен кейінгі бір донор 7 адамға өмір сыйлай алады. Ол екі бүйрек, бауыр, жүрек және өкпе, сондай-ақ қабық береді (олар екеу және, әдеттей, біреуін бір реципиентке ауыстырып салады).

Кімге донор болуға тыйым салынған?

Кодекстің 209-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес ағзалардың донорлары бола алмайды немесе тыйым салынады:

- адамнан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) мәжбүрлеп алуға;
- адамды өзінің ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) беруге мәжбүрлеуге;
- адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға;
- кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адам болып табылатын тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) алуға;
- қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға;
- денсаулығының жай-күйі, жасы немесе өзге де себептер бойынша өзінің жеке басы туралы деректерді хабарлай алмаған және қайтыс болуын растау кезінде жеке басы анықталмаған адамдардан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға тыйым салынады.

- инфекция жұқтырған тірі кезіндегі донордан немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) реципиентке трансплантаттау үшін алуға тыйым салынады , атап айтқанда:

  • жіті жұқпалы және контагиозды аурулары бар;
  • бақыланбайтын бактериялық сепсиске ие;
  • ЖҚТБ-мен ауыратындар және АҚТҚ-жұқпасын тасымалдаушылар;
  • В (HBsAg) немесе С (anti-HCV) гепатиті вирусының оң маркері бар);
  • ағзалар мен жүйелердің анықталған жіті және декомпенсацияланған созылмалы, ошақтық және/немесе диффуздық аурулары бар қатерлі ісіктері бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығымен донордан ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық аурулардың тізбесі бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 2 қарашада № 21573 болып тіркелді).

Кодекстің 212 бабының 3-тармағына сәйкес қайтыс болғаннан кейінгі донордан трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) алып қою сәтіне медициналық ұйым осы адамды тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін өзге адамдар, жұбайы (зайыбы), ал ол болмаған кезде жақын туыстарының бірі оның ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) алып қоюға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдесе, жол берілмейді.

Қазақстанда органды сатып алуға / сатуға болады ма?

Кодекстің 209-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес трансплантаттау мақсатында тыйым салынады:     

  • адамның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) сатып алуға-сатуға;
  • қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға трансплантаттау үшін алуға.

Өлгеннен кейін ағзаның доноры болудан қалай бас тартуға немесе донор болуға келісуге болады?

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркін білдіру құқығын тіркеуді Қазақстан Республикасының азаматы екі жолмен жүзеге асыра алады:

  • тіркелген жері бойынша емханаға тікелей жүгінген кезде, онда жауапты тұлға жеке басын және тіркелу мәртебесін куәландыратын құжаттарды тексереді, содан кейін тиісті өтініш нысанын (келісім немесе келісімді кері қайтарып алу/бас тарту) ұсынады. Толтырылған нысан тіркелімге енгізіледі, ал өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде МСАК ұйымының бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекітілген ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі;
  • немесе өз еркіңізді қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тіркеуге болады, үйден шықпай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы:
  • ол үшін өтініш беруші порталда авторизациядан өтіп «Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметіне тапсырыс беруі қажет;
  • содан кейін барлық қажетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойыңыз, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және ерік білдіруді тіркеу туралы екі тілдегі анықтама қолжетімді болады.

Өтініште сіз барлық органдарды немесе белгілі бір мүшелерді пайдалануға рұқсат ете аласыз. Кейіннен сіз өз шешіміңізді шексіз рет өзгерте аласыз. Өтінімнің өзі мерзімсіз, яғни оны біраз уақыттан кейін жаңарту немесе растау қажет емес. Шешім адамның соңғы тіркелген өтінімі бойынша қабылданады.

Келісімді немесе бас тартуды кім тіркегені туралы ақпарат жабық. Бұл базаға тек үш республикалық трансплантаттауды үйлестіруші ғана және адам қайтыс болғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.

Дербес деректерді қорғау Кодекске және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Кодекстің 212-бабының 2-тармағына сәйкес қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтіп жатқан "Ағзаларды (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) қайтыс болғаннан кейін донорлыққа адамның өмірлік ерік білдіруін беру және бұл туралы жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың жобасы әзірленді.

Трансплантаттауды күтетіндердің тізіміне қалай кіруге болады?

Трансплантаттау қажеттілігі туралы шешімді мультидисциплинарлық топ қабылдайды - пациент денесінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы. Егер олар трансплантаттауға көрсеткіштерді растаса, онда ақпаратты трансплантациялық үйлестірушілерге жібереді. Науқас күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейін донордан қажетті орган пайда болғанша сол жерде болады.

Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы – Қазақстанда бірыңғай.

Күту парағында трансплантаттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар (өңірдің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы нефрологиялық комиссияның хаттамалық шешімі немесе трансплантаттау орталығының мультидисциплинарлық тобының қорытындысы, пациенттің медициналық картасынан (027/у нысаны) үзінді (қан тобы, резус фактор, пациенттің бойы мен салмағы көрсетілген, трансплантаттау үшін қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлігі, мекенжайы және байланыс телефондары.

"Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттауды қамтамасыз ету мақсатында гемопоэздік дің жасушалары (сүйек кемігі) донорларының тіркелімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-120/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың жаңа жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде.

Күту парағына енгізу үшін негіз болып табылады:

1) республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың денсаулық сақтау басқармалары жанында жұмыс істейтін нефрологиялық комиссияның қорытындысы не,

2) МДТ (трансплантаттау орталығы мамандарының мультидисциплинарлық тобының) қорытындысы.

Осыған байланысты трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінген жөн.

Күту парағында вирусты гепатитпен (В, С), кез келген жерде орналасқан туберкулезбен, АИТВ инфекциясымен, мерезбен жұқтырған әлеуетті реципиенттердің ағзаны дені саудан ғана емес, қайтыс болғаннан кейінгі донордың дәл осындай диагнозы бар жұқтырған донордан да алу мүмкіндігі бар ("Донордан ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығы).

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.