Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - БЖЗҚ-ға Әлеуметтік кодекске сәйкес №525 Қағидада [1], №270 Қағидада [2], №392 Қағидада [3] белгіленген тәртіппен енгізілетін ақша.
МЗЖ мөлшерлемесі – салымшының МЗЖ есептеу үшін қабылданатын кірісіне және (немесе) жалақыны (кірісті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаста көрсетілген, БЖЗҚ-ға төленетін төлемнің мөлшері.
БЖЗҚ-да төленуге жататын МЗЖ мөлшерлемелері Әлеуметтік кодекстің 249-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте айына МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауы тиіс.
МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (Шарт) – МЗЖ салымшысы ұсынылған Шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана талаптарын қабылдай алатын қосылу шарты.
МЗЖ салымшысы, МЗЖ төлеу жөніндегі агент МЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ-ға МЗЖ немесе өсімпұл есепке жазылған күннен бастап Шартқа қосылған болып есептеледі.
БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуден:
- Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
- егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
- әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi №215-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен (№215-VІII Заң) Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілді, ол «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру» 101-1-бабымен толықтырылды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын тұлғалар - жеке тұлғалар (жеке кәсіпорындар болып табылмайтын) – келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын тұлғалар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын тұлғалар;
3) күнтізбелік айдағы кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын тұлғалар.
Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын жеке тұлғалар Әлеуметтік кодекске сәйкес МЗЖ, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) және әлеуметтік аударымдарды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды өздері алған табыстан төлеуді жүргізеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын жеке тұлғалардың төлеуіне жататын МЗЖ мөлшерлемелері Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабының 4-тармағына сай белгіленеді.
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған табыс түсініледі.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен аспауы тиіс.
Сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап №215-VIII Заңмен Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілді, ол «Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру» 102-1-бабымен толықтырылды.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-бабына сай платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:
- интернет-платформаның операторы (Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып, көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
- тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;
- орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Интернет-платформа – интернет-платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс (Әлеуметтік кодекстің 1-бабы 1-тармағының 81) тармақшасы).
Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.
Оператор Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен МЗЖ ұстап қалуды және ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді.
Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін алынатын кірістің 1% мөлшерінде белгіленеді.
МЗЖ есептеу үшін алынатын табыс деп Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған табысы түсініледі.
Бұл ретте айына МЗЖ есептеу үшін алынатын табыс Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдану үшін белгіленген шектен – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
МЗЖ есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің ақшалай түрдегі барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі. БЖЗҚ-ға МЗЖ Әлеуметтік кодексте, Салық кодексінде, №525 Қағидада, №270 Қағидада және №392 Қағидада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді:
|
№ р/р
|
МЗЖ төлеу жөніндегі агент
|
Кезең
|
Есептеу объектісі
|
Мөлшерлемесі, шегі
|
Аудару мерзімі
|
Ескертпе
|
|
1
|
Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы кестенің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
Жалдамалы қызметкерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасалған жеке тұлғалардың, өзге де ақы төленетін жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың ай сайынғы табысы
|
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыстың 10% мөлшерінде. Бұл ретте бір агенттен МЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның[10] 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс
|
кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
Агенттің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті
|
|
2
|
Жеке кәсіпкерлер (осы кестенің 3) тармақшасында көрсетілген жеке кәсіпкерлерден басқа), шаруа немесе фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын табысты қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын табысы.
|
Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде (интернет-платформа операторлары).
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына қабылданатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Егер табыс ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен кем болса не табыс болмаған жағдайда, онда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен МЗЖ төлеуге құқылы.
|
есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.
|
|
3
|
патент[11] негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер
|
салық режимін қолдану үшін күнтізбелік жыл
|
МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын табысты қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын табысы.
|
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.
МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын, алатын кірісі түсініледі.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Егер табыс ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен кем болса не табыс болмаған жағдайда, онда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ мөлшерінің 1 еселенген мөлшерінен МЗЖ төлеуге құқылы.
|
патент құнын төлеу үшін ҚР салық заңнамасында көзделген мерзімде: патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді
|
МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.
|
|
4
|
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын, салық агенттері[12] болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасасқан АҚС шарттар бойынша табыс алатын, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
Нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыс.
МЗЖ есептеу үшін алынатын кіріс деп МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын, алатын кірісі түсініледі.
|
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
|
кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.
|
|
5
|
ҚР-дағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, ҚР-да аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
МЗЖ төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын табысты қоспағанда, адамның әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын табысы.
|
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10% мөлшерінде.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
|
кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
МЗЖ төлеу дербес жүзеге асырылады.
|
|
6
|
Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем (БТ) төлеушілер болып табылатын салық агенттері: микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, Салық кодексінің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, бейрезидент-жеке тұлғаны қоспағанда, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және БТ құрамында осындай кірістерден ЖТС[13] есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
Бейрезидент-қызметкерді қоспағанда, Салық кодексінің 322-бабында көзделген, микро- және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, Салық кодексінің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған қызметкердің табысы.
|
БТ төлеушілер үшін БТ мөлшерлемесіндегі МЗЖ үлесі:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 42,0 пайыз;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 40,3 пайыз;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,8 пайыз;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 38,0 пайыз.
|
есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
Салық агентінің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті.
Бастапқы немесе кезекті декларацияда қызметкерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын табысына салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.
|
|
7
|
Интернет-платформаның операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып, көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
|
салық кезеңінің әрбір айы үшін
|
Көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын, ЖК болып табылатын орындаушылар алған табыс.
|
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған мөлшерде (10%) орындаушының өз таңдауы бойынша айқындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс деп көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың алған табысы түсініледі.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін айына алынатын табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
|
кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей
|
Агенттің МЗЖ ұстау және төлеу бойынша міндеті.
Орындаушы арнайы мобильді қосымшада әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің таңдалған мөлшерін күнтізбелік айдың ішінде бір рет 25-күнінен кешіктірмей өзгертеді.
Әлеуметтік төлемдерді есептеу белгіленген мөлшерлеме негізінде әлеуметтік төлем мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгерту жүргізілген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
|
Егер келесі абзацта өзгеше көзделмесе, МЗЖ аударуды агенттер қолма-қол ақшасыз төлемдер жолымен жүргізеді.
Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары жоқ жеке тұлғалар кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банктерге қолма-қол ақшамен МЗЖ енгізеді. МЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен банктер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұсталған (есептелген) МЗЖ немесе өсімпұлдар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоспағанда) Мемлекеттік корпорацияға мынадай деректемелер бойынша аударылады:
|
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
|
|
БСК: GCVPKZ2A
|
|
ЖСК: KZ12009NPS0413609816
|
|
БСН: 160440007161
|
|
БеК: 11
|
|
ТТК: [13] 010 Міндетті зейнетақы жарналары
|
|
ТТК: 019 Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
|
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың МЗЖ аударуына арналған деректемелер
Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын жеке тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуді дербес жүзеге асырады.
МЗЖ-ны қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен банктер арқылы төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұсталған (есептелген) МЗЖ немесе өсімпұлдар Мемлекеттік корпорацияға мынадай деректемелер бойынша аударылады:
|
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
|
|
БСК: GCVPKZ2A
|
|
ЖСК: KZ81009SZ00368609114
|
|
БСН: 160440007161
|
|
БеК: 11
|
|
ТТК:[14] 010
|
Міндетті зейнетақы жарналары
|
|
ТТК: 019
|
Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл
|
[7] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
[8] Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №270 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай төлемнің артық (қате) төленген және (немесе) бірыңғай төлемді уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомаларын төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару қағидалары
[9] Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №392 бұйрығымен бекітілген Орындаушының әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауы, интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы және аударуы, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды бөлу және аудару, қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомаларын және (немесе) интернет-платформа операторына уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару қағидалары
[10] Ең төменгі жалақы мөлшері
[11] патент – бұл жалдамалы жұмысшылар болмаған жағдайда жеке кәсіпкерлікті жүргізуге арналған арнаулы салық режимі
[12] салық агенті - жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес төлем көзінен және (немесе) бірыңғай төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет жүктелген бейрезидент заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы
[13] жеке табыс салығы
[14] төлем тағайындау коды