Айдар парағына өту

Ұрылар үшін тұрғын үйді қалай қолжетімсіз етіп жасауға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 23.09.2020

Кез-келген адамды, тіпті өзінен ұрлайтын мүлдем ештеңе жоқ деп санайтын адамды да тонап немесе одан ұрлап кетуге болады. Сіздің тұрғын үйіңізден әрдайым ұрылар үшін кішкентай бірдеңе табылады.

Темір есік орнатып, мүлік мүлдем қауіпсіз деп ойлауға болмайды.

Мүлікті қорғауға келгенде ұсақ-түйек нәрсе деген ұғым жоқ.

Бұл мақалада біз пәтерді, әсіресе сіз демалыста немесе үйде уақытша болмаған кезде ұрылардан қалай қорғауға болатындығы туралы кеңестермен бөлісеміз.

Тұрғын үйді қорғау әдістері

  • Құлпы жақсы есік орнатыңыз. Тойтармасы бар ойма құлып алыңыз. Кілттің айналымдары неғұрлым көп болса, құлып соғұрлым сенімді болады. Ең дұрысы 3-4 айналым болуы керек. Сондай-ақ, ілмекті ішкі жағынан орнату немесе ескі тізбекті ілу дұрыс болады.

Жақсы есік - тұтастай металдан жасалған есік. Есік пәтердің ішіне қарай ашылмауы маңызды (оны бұзу қиынырақ), сонымен қатар есік пен есіктің жақтауы арасында бос орындар болмауы керек.

Егер сіз кедергілер санын көбейтіп, тамбур есігін қосымша орнатсаңыз өте жақсы болады.

  • Ұрылар көбіне үйге есіктен емес, терезеден кіреді. Олар пластикалық терезелер арқылы кіруді жөн көреді. Қауіпсіздік тұрғысынан ең жақсысы - стационарлық торлар, оларды кесу немесе жұлу мүмкін емес. Торлар тек 1, 2, 3 және соңғы қабаттардың тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар терезелері кіреберістердің күнқағарларына қарайтын немесе терезелері газ құбырлары мен өрт сөндіру баспалдақтарының жанында орналасқандарға да қажет. Бірақ өрт кезінде немесе басқа форс-мажор жағдайында стационарлық тор зиян тигізуі мүмкін. Егер пәтерден шығудың жалғыз жолы - терезе болса, онда тығырықтан шыға алмайтын жағдайда қалуыңыз мүмкін.  
  • Шыныға тапсырыс беру сияқты қызмет түрі бар. Пәтер ішінен әйнекке арнайы пленка жабыстырылады, ол бірнеше күннен кейін әйнекпен бірігіп бір бүтін болады. Мұндай терезені таспен немесе балғамен сындыру мүмкін емес, тіпті жарылыс болған кезде де ол жай ғана деформацияланады, бірақ сынбайды. Бұл қызмет арзан емес, бірақ сіз күн мен сыртқы көзден қорғайтын тоналды пленканы таңдай аласыз. Әрі керемет жылу оқшаулағыш болады.
  • Терезелерді қорғаудың тағы бір әдісі - роликті жалюзи. Мұндай «жалюзи» - жазғы саяжайға немесе жеке үйге арналған тамаша нұсқа. Олар сыртынан ашылудан қорғаныспен жабдықталған, бірақ ішінен олар батырманы басу арқылы ашылады және жабылады.
  • Кәсіби дабылды орнатуға болады. Үйге кіргенде, құлақ тұндыратын гүріл іске қосылып, қырағы көршілеріңіз сіз болмаған жағдайда полиция шақырады. Егер түнде ұрылар үйге кіріп кетсе, бұл нұсқа сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Сіз құлақ тұндыратын гүрілден оянасыз, ал ұрылар (факт емес, бірақ көбіне солай) қорқып, қашып кетеді.
  • Тағы бір нұсқа бар - автономды GSM дабыл жүйесі. Сіздің үйіңізге заңсыз кіру жағдайында құрылғы көрсетілген телефон нөміріне - иесіне, ал иесі, өз кезегінде, полицияға қоңырау шалып, SMS немесе қоңыраулар жібереді (дауыстық модуль жағдайында).

Бір сенімді әдіс - консьерж жалдау. Әдетте, бұл кіреберісте тұратындардың бірі, ол «өздерінің» тұрғындарының бәрін таниды және бейтаныс адамды міндетті түрде кіргізбейді. Егер әр пәтерден жинайтын болса – керемет «дабыл құрылғысын» алуға болады.

Қауіпсіздік тұрғысынан пәтер иелеріне арналған кеңестер

Демалысқа шығар алдында пәтер туралы ойланыңыз.

Егер сіз қысқа уақытқа кетіп бара жатсаңыз, жарықты дәлізде қалдырыңыз, балконға кептіру үшін киім іліп қойыңыз, кіреберіске радионы қосып қойыңыз.

Желдеткіш саңылауларды ашық қалдырмаңыз.

Перделерді жауып қойған дұрыс.

Егер сіз газет жаздырып алатын болсаңыз, пошта бөлімшесінен газетті келгенге дейін күнде әкеліп тұруын сұраңыз.

Көршілеріңізбен араласып тұруға тырысыңыз. Көшілеріңізден пошта жәшігіңізден жарнамалық хабарламаларды алып тұруын өтініңіз.  

Көршілеріңізбен өзара қорғаныс туралы келісіңіз. Егер олар есіктің жанында күдікті бейтаныс адамды көрсе, онда олар полиция шақырады немесе  керісінше.

Егер көршілеріңіз пәтерді жалға берсе, мүмкіндігінше олармен сізді таныстыруын сұраңыз.

Айтпақшы, есіктегі «объект қорғауда тұр» деген жапсырма ұрыға ыңғайсыздық тудыруы керек.  

Егер есік алдында бейтаныс адам өзін полиция қызметкері, әлеуметтік қызметкер және басқалар ретінде көрсете отырып есікті ашуды талап етсе, есік ашуға асықпаңыз. Көрсетілген ұйымға қоңырау шалып, ондай қызметкер шынымен жұмыс істей ме сұраңыз.

Егер сіздің шамыңыз кенеттен сөніп қалса, есіктен шығуға асықпаңыз. Көршінің нөмірін теріңіз, егер онда да осы проблема болса, бұл біреудің айлакерлік жоспары емес, желіде ақаулар болғаны.

Егер пәтерден ұрлық анықталса, полиция қызметкерлерін шақырыңыз, көршілеріңіздің көмегімен кіреберісті күзетуге тырысыңыз және полиция келгеннен кейін ғана пәтеріңізге кіріңіз, өйткені пәтерде ұрылар жасырынып қалуы мүмкін.

Ал егер сіз бір орында отыра алмасаңыз, сізді қалай тонап жатқанын алыстан бақылап отырыңыз. Осылайша сіз қылмыскерлердің белгілерін есіңізде сақтайсыз және қауіпсіздікте боласыз.

Кәсіби- гастролерден қалай қорғануға болады

Кәсіби гастрольлер мақсатты ұзақ таңдайды, үй  иелерінің күнделікті өмірін аңдып, біледі. Мұндай ұрылардың бар екенін байқау қиын емес. Белгісіз адамдар мезгіл-мезгіл аулада пайда болады, кіреберістерде бірнеше сағат бойы тұрады - бұл күдік тудыруы керек. Үй иесінің үйде болғанын білу үшін, мысалы, түскі уақытта олар есік жанындағы кілемшенің астына крекер қояды. Егер ол бүтін болса, пәтер бос тұр. Олар сондай-ақ есіктерге бірнеше белгілер  қалдырады, сынған сіріңкелерді тастайды. Егер осындай әрекеттерді байқасаңыз, шара қолданыңыз. Алдымен бұл туралы көршілеріңізге хабарлаңыз. Алдын-ала ескерту – яғни сақ болу деген сөз. Пәтерден ұзақ уақытқа шықпауға тырысыңыз. Егер сіз ұзақ уақытқа кетіп жатсаңыз, онда көршілеріңізден сіз жоқ кезде пәтеріңізді қарап қоюды өтініңіз.

Өзіңіз жасаған сатып алу, кірістер, демалыс жоспарлары туралы айтып тәуекел жасамаңыз. Мұны естіп қалған адам (кезекте немесе кеңседе) ұрыларды үйіңізге «бағыттауы» мүмкін.

Домофон да ұрылардың көмекшісі бола алады. Ұрылар пәтер нөмірін теріп, жауап күтеді. Жауап жоқ – үй иесі жоқ. Ал егер біреу телефон тұтқасын көтерсе, олар өздерін пошташы немесе су арнасының  қызметкерімін деп таныстырады. Кейде олар тек «нан» сұрайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.