Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу: қол қою құқығы бар жұмыскер үшін Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 25.09.2019ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алуға арналған заңды тұлға қызметкерінің басшылығы

Ұғымдар мен қысқартулар
|
ҚР ҰКО |
«Электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы |
|
ҚР НКО |
Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы |
|
ЭЦҚ |
Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы |
|
ЖСН |
Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі |
|
БСН |
Заңды тұлғаға, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
|
Тіркеу куәлігі (Сертификат) |
Электрондық цифрлық қолтаңбаның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін ҚР ҰКО беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат |
|
Жабық кілт |
ҚР ҰКО жазылушысына белгілі және ЭЦҚ құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық символдардың бірізділігі |
|
Қорғалған тасығыш |
Деректердің шифрлануы мамандандырылған контроллерді пайдаланумен ақпаратты тікелей жинақтауышқа жазған кезде орындалатын ақпаратты қауіпсіз сақтау құрылғысы. Ақпаратқа қолжетімділік үшін пайдаланушы жеке паролді көрсетуі тиіс. |
|
ОЖ |
Операциялық жүйе – компьютердің ресурстарын басқаруға және пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруға арналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені |























