Кім береді:
- "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган береді.
- "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", 1 разрядты спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
- Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
Қайда жүгіну қажет:
Жоғарыда көрсетілген атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын алу үшін құжаттарды тапсыру үшін Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгіне аласыз. Ал "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, Ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру бойынша құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ электрондық үкімет порталында онлайн қызметтіерді пайдалануға мүмкіншілік бар: Спорттық атақтар мен санаттар беру, спорттық разрядтар (1,2,3 разрядтар) беру, спорттық разрядтар мен санаттар беру.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.