Айдар парағына өту

Статистикалық нысандарды онлайн-режимде тапсыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 10.09.2020

Респонденттің кабинетіне кіру үшін (авторизациялау) электронды цифрлық қолтаңба қажет. Респонденттің кабинетінде авторизациялаусыз келесі мәзірлер бөлімі қолжетімді: «Басты бет», «Жүгіртпе» және «Күнтізбе».

Жүйемен авторизациялау сұралады:
1.Кабинеттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне басқанда;
2.«Менің есептерім» бөліміне өткенде;
3."Есепті тапсыру" сілтемесін басқанда.

Авторизациялау терезесінде куәлікті сақтау түрін компьютерге қосылған құрылғының түріне байланысты таңдау қажет: сыртқы жинаушылар (USB және т.б.). kaztoken, Etoken және жеке куәлік. Содан кейін, сақтау орнынан немесе компьютер папкасынан кәсіпорынның RSA куәлігін таңдап және құпиясөзді енгізу. Куәлікті таңдағаннан кейін экранда куәлік туралы ақпарат көрінеді, жеке деректерді көргеннен соң авторизацияны жалғастыру үшін «Жүйеге кіру» түймесін басасыз немесе басқа куәлікті таңдайсыз.

1 сурет: Респонденттің кабинетіне кіру үшін авторландыру беті

Авторизациядан кейін «Менің есептерім» бөлімін таңдау > «Осы кезеңдер» > тізімінен нысанды таңдау және «Есепті құру» түймесін басу қажет. «Осы кезеңдер» бөлімінде есептілік кезеңі ағымдағы мерзімге кіретін барлық нысандар көрінеді. «Менің есептерім» бөлімінде «Өзгерту» түймесін басқанда еретерек сақталған, қол қойылмаған есеп – жағдайы «Шимай дәптер» немесе қол қойылған, жіберілген – жағдайы «Тапсырылған» есептерді өзгертуге болады. Есепке өзгерту енгізу тек, таңдалған нысанның есеп беру кезеңі аяқталғанға дейін болады.

«Жөнелту көзі» жолы есептің қайда сақталған көзін көрсетеді. Есепті қарауға және жөндеуге тек респонденттің ЭЦҚ-мен қол қойған – көзі ЖК, егер есепте көзі жолында БТ – бір терезе болса, онда есеп қағаз жүзінде қабылданған және оны көруге рұқсат жоқ.

2 сурет: «Менің есептерім»

Есептілікті электронды түрде тапсыру бірнеше кезеңнен болады:
1. Нысанды ашу
2. Есепті толтыру
3. Арифметикалық-логикалық бақылауды алдын ала тексеру
4. Есепке қол қою және жөнелту 

«Осы кезеңдер» бөлімінде «Жүгіртпе» бойынша тапсыруға міндетті нысандар тізіміне кіретін нысандар көрінеді. Міндетті нысандар тізіміне кірмейтін нысандарды, «Күнтізбе» бөлімінен таңдауға болады немесе «Нысандар» жолында «Табу» түймесін басу қажет 3 суретте көрсетілгендей. Нысанды және кезеңді таңдағаннан кейін «Құру» түймесін басу қажет. Содан кейін статистикалық есептілікті толтыру режиміне өту жүзеге асырылады.

3 сурет: «Менің есептерім» бетінде нысанды іздеу

Есеп бөлек ұяшықтар мен бөлек элементтерден тұрады. Кесте ұяшықтарында анықтамалықтардың сәйкес мәндері қойылады және сандық мәндер (статистикалық деректер).

Есепті толтырғаннан кейін, құралдар панельіндегі «САҚТАУ» түймесін басу арқылы есепті сақтау қажет. Жөнелту үшін «ЖӨНЕЛТУ» түймесін басу тиісті.

Экранда «Қол қою деректері» диалогты терезе пайда болады, бұдан әрі жолды көрсетіп қол қою үшін куәлікті таңдау қажет. «Шолу» түймесін басқан кезде куәлікке жол көрсететін диалогты терезе пайда болады. Деректерге қол қою үшін жүйемен ҚР ҰКО берілген ГОСТ алгоритіміндегі куәліктер қабылданады.

Куәлікті таңдағаннан кейін «АШУ» түймесін басу қажет. Бұдан әрі «Қол қою деректері» терезесінде «Құпия сөз» жолында ГОСТ куәлігінің құпия сөзін енгізу.

«Қол қою» түймесін басқаннан кейін деректер Статистика комитетінің серверіне жіберіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.