Айдар парағына өту

Статистикалық нысандарды онлайн-режимде тапсыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2023

Заңды тұлғаларға және ЖК-ге статистикалық форманы тапсыру үшін Респонденттің кабинетіне сілтеме арқылы кіру қажет.

Базалық күнтізбені – статистикалық нысандар тізбесі мен оларды статистика органдарына ұсыну мерзімдерін – қарау үшін пайдаланушы тиісті атауы бар салымды таңдап, «Күнтізбе» бөліміне өтуі тиіс. «Күнтізбе» бөлімі авторланған және авторланбаған пайдаланушыларға қолжетімді. Ашылған бетте күнтізбе және кесте түрінде нысандардың екі тізбесі көрсетіледі (1-суретті қараңыз):

  1. Есепті тапсырудың соңғы күні.
  2. Сол күнгі басқа есептер.

1 сурет: «Күнтізбе» бөлімінің интерфейсі

Ағымдағы кезең бойынша ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін және статистикалық есептілікті тапсыру тарихын қарау үшін пайдаланушы тиісті атауы бар салымды таңдап, «Менің есептерім» бөліміне өтуі тиіс. Одан соң төмендегіні қамтитын бет ашылады:

2 сурет: «Менің есептерім» бөлімінің интерфейсі

Есептілікті электронды түрде тапсыру бірнеше кезеңнен болады:

  1. Нысанды ашу
  2. Есепті толтыру
  3. Арифметикалық-логикалық бақылауды алдын ала тексеру
  4. Есепке қол қою және жөнелту

Есеп бөлек ұяшықтар мен бөлек элементтерден тұрады. Кесте ұяшықтарында анықтамалықтардың сәйкес мәндері қойылады және сандық мәндер (статистикалық деректер).

Есепті толтырғаннан кейін, құралдар панельіндегі «САҚТАУ» түймесін басу арқылы есепті сақтау қажет. Жөнелту үшін «ЖӨНЕЛТУ» түймесін басу тиісті.

Экранда «Қол қою деректері» диалогты терезе пайда болады, бұдан әрі жолды көрсетіп қол қою үшін куәлікті таңдау қажет. «Шолу» түймесін басқан кезде куәлікке жол көрсететін диалогты терезе пайда болады. Деректерге қол қою үшін жүйемен ҚР ҰКО берілген ГОСТ алгоритіміндегі куәліктер қабылданады.

Куәлікті таңдағаннан кейін «АШУ» түймесін басу қажет. Бұдан әрі «Қол қою деректері» терезесінде «Құпия сөз» жолында ГОСТ куәлігінің құпия сөзін енгізу.

«Қол қою» түймесін басқаннан кейін деректер Ұлттық статистика бюросы серверіне жіберіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.