Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер үлгілері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 21.12.2021

Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және құжаттандырылатын адамның биометриялық деректері бойынша сәйкестендірілуін қамтамасыз ету үшін құжаттандыру үшін ұсынылатын фотосуреттер төменде сипатталған талаптарға сәйкес болуы қажет.

Құжатта келтірілген фотосуреттер үлгілері фотосуреттің талап етілетін сапа параметрлерін көрсетеді және жеке басты куәландыратын электрондық құжаттарды басып шығару үшін ұсынылатын фотосуреттердің жарамдылығын анықтау үшін қажет. Фотосуретке түсу құжаттар тапсырылғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей жасалынады.

Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.

Діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты басты жабуды есепке алмағанда, фотосуретке бас киіммен түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін ашық болады, бас киімнің көлеңкесі бетке түсуіне жол берілмейді.

Фотосуреттің көлемі: биіктігі 45 мм, ені 35 мм. Суретте иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін, сондай-ақ беттің шеткі сол сызығынан бастап оңғы шетіне дейін бет-бейнесінің белгілері фотода анық бейнеленеді. Бет-бейне фотосуреттің 70-80% орналасады, бұл иектің төменгі нүктесінен төбеге дейін 32-36 мм құрайды.

Егер суретке түсірілетін адамның шашы қалың болса, иектің төменгі нүктесінен бастың ең жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктігі жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болады. Бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиындық тудырған жағдайда 27 мм кем және 40 мм артық емес биіктікке жол беріледі. Шаш жеткілікті көлемде болғанда, бас (шашты қоса алғанда) фотосуретте толық көрсетілінеді.

 

Фотосуреттер үлгілері

СУРЕТКЕ ТҮСІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛЕР

1. АНЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ КЕРЕҒАР ТҮСІ

  • Фотосурет кереғар түсті  және анық.
  • Бет-бейнесінің барлық белгілері анық көрінеді.

Анықтығы және кереғар түсі

2. ЖАРЫҚТАНДЫРУ

  • Суретке түсіру кезінде бет-бейнесін жарықтандыру біркелкі.
  • Бет-бейнесінің қандай да бір бөліктерін ағартудан немесе қараңғылаудан, сондай-ақ қызыл көз әсерінен аулақ болу керек.
  • Жарықтандыру табиғи түс қабылданады, көк немесе қызыл реңк сияқты түстерге жол берілмейді.

Жарықтандыру

Жарықтандыру

3. ФОН

  • Бір түсті және ашық фон қолданылады, сұр түсті  фонды пайдалану ұсынылады, көк түсті  фон болмауы керек.
  • Бет-бейнесі мен шаш фонмен қарама-қарсы түсте және одан анық көрінеді. Егер суретке түсірілетін адамның шашы ақшыл болса, онда фон сұр түстің орташа өңді, ал егер қара болса, ашық сұр түстер таңдалады. Фонда қандай да бір суреттер мен өрнектерге жол берілмейді.
  • Суретте суретке түсірілетін адамның бейнесі ғана болады (бөгде адамдар немесе заттар болуына жол берілмейді). Суретте көлеңкенің болуына жол берілмейді.

Фон

4. ФОТОСУРЕТТІҢ САПАСЫ

  • Фотосуреттің параметрлері: 3,5*4,5 см., 413*531 (пиксель); өлшемі: 30 кб-қа дейін; тереңдегі: 24 бита;
  • Фотосурет (әсіресе цифрлық фотоаппаратпен түсіргенде) 300 dpi ең аз рұқсат етілген жоғары сапалы күңгірт қағазға басып шығарылады (қағаз формулярда ресімдеу кезінде);
  • Фотосурет бейтарап түсте болады және терінің табиғи реңін береді;
  • Суретте сынықтар, ластанулар немесе сызаттар болуға жол берілмейді. Көркем ретушь және өзге де айла-шарғыларға жол берілмейді;
  • Объектив телекамераға қатысты 90-130 мм қысқа телеобъективке сәйкес.

Фотосуреттің сапасы

5. БЕТ-БЕЙНЕ КЕЙПІ және КӨРІНІСІ​

  • Бастын қисайтуға немесе бұрылуына жол берілмейді (мысалы,  жартылай профильдік фото).
  • Фотосуретке түсуші камераға тіке қарауы және оның беті бейтарап және аузын жауып камераға тура қарайды. Көзді сығырайтпау немесе адырайтпау.
  • Түсірілім алдыңғы жақтан анық түсіріледі, жоғарыдан, төменнен немесе жанынан емес.

Бет-бейне кейпі және көрінісі

6. КӨЗҚАРАС БАҒЫТЫ

  • Фотосуретке түсуші камераға тіке қарайды.
  • Көзі ашық, анық көрінеді, шашпен көздердің жабылуына жол берілмейді.

Көзқарас бағыты

7. КӨЗІЛДІРІК​

  • Көздер анық көрінеді, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді.
  • Денсаулық тұрғысынан өң берілген көзілдірік рұқсат беріледі. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды.

Көзілдірік

8. БАСТЫ ЖАБУ

  • Суретке бас киіммен түсуге рұқсат етілмейді.
  • Діни не медициналық себептер бойынша басты жабуға жол беріледі. Бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады.
  • Бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді.

Басты жабу

9. БАЛАЛАР

Балаларға қатысты мынадай нормалар қолданылады:

  • бет-бейнесінің биіктігі фотосуреттің 50-80% алынады, яғни иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін 22-36 мм;
  • егер суреттегі баланың шашы тым қалың болса, иектің төменгі нүктесінен төбесіне дейінгі ара қашықтықтың талаптарға сәйкес болуына назар аудару қажет;
  • егер бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиын болса, биіктігі кемінде 17 мм. және 40 мм артық болмауы тиіс;

Балалар

10. 6 ЖАСҚА дейінгі БАЛАЛАР​

  • Осы бөлім 6 жасқа дейінгі балалар үшін «Балалар» бөлімінде келтірілген балаларды суретке түсіру ережелерінен бастың қалпына (бұл ретте бастың және иықтың алдыңғы жағдайы бойынша осындай талаптар болады) бет-бейнесі-бейнесі, көз әлпеттеріне, көзқарас бағытына, сондай-ақ бет-бейнесінің суреттің ортасына орналасуына қатысты ауытқуларды реттейді.

6 жасқа дейінгі балалар

Суреттерге қойылған барлық талаптар халықаралық ICAO стандарттарына сәйкес әзірленген.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.