Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыт ішінде жаңартылған деректерді қайта сұратыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:
СТ МДҚ-на бейрезидент туралы мәліметтерді енгізу үшін:
- "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 160 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1 тіркелген 1-қосымшаға сәйкес тіркеу үшін салықтық өтініш 16425).
- Құжаттардың тізбесі Қағиданың қосымшасына сәйкес.
СТ МДҚ-да тіркеу деректеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
- Тіркеу есебіне арналған салықтық өтініш.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы – бейрезидент туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – бейрезидент заңды тұлға туралы мәліметтерді СТ МДҚ енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде.
"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады – бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жолмен жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
"Тіркеу есебі мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 153 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16431 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы филиал ашпай, сақтандыру ұйымдарында (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агентте, дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікте, консульдық мекемеде қызметін жүзеге асырушы бейрезиденттер, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, бейрезидент-заңды тұлғалар туралы мәліметтерді СТ МДБ енгізген кезде) тіркеу куәлігін беру.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы.