Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.salyk.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- cabinet.salyk.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде:көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе Мемлекеттік корпорацияға:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде көрсетілетін қызметті алушы – қосылған құн салығын төлеуші:
- Қосылған құн салығы жөніндегі декларация.
- ҚҚС бойынша декларацияға қосымша болып табылатын өтініштердің тізбесі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей бір мезгілде мынадай құжаттарды табыс етуге міндетті:
- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда.
- Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменіің орындалуын растайтын өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгенін растайтын өзге де құжатты немесе қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжатты.
Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ салық төлеуші салық және бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есептік шотқа қайтаруға өтініш бермеген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды.
- Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
- Егер оларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды.
Егер шот-фактураларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактуралардың орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады.
- Солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды).
- Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен расталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен импортталған тауарды сатып алу туралы жасалған шарт (келісімшарт).
- Комиссия немесе тапсырма шарттарын (келісімшарттарын) (олар жасалған жағдайда).
- Солардың негізінде комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды).
Бөлшек саудамен сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың төртінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) ұсынылады.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелгеннен кейін басталған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Кейіннен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) ұсынады.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде осы тармақтың төртінші бөлігінің 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
1) келу тәртібінде қағаз тасымалдағышында табыс етілген салық нысандарын қабылдау туралы Мемлекеттік корпорацияның белгісі;
2) почта немесе өзге байланыс ұйымының салық есептілігінің қабылданғаны туралы уақыты және күні көрсетілген белгісі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны туралы хабарлама/растау;
4) салық органының тиісті белгіні қою жолымен, тауарларды әкелу туралы мәлімдемеде импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу және жанама салықтарды төлеу фактін растауы;
5) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.