Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауабы болып табылады.