Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі;
Облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі;
Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі;
Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық форматта жеке меморандум;
Облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда жеке меморандум не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.