- ұйым жарғысы;
- ғылыми қызметкерлердің ғылыми дәрежесін (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломдар және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестат (диплом);
- еңбек шарты немесе негізгі жұмыс орны аккредиттеу ұйымы болып көрсетілген растаушы құжаттар және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық;
- сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхана куәлігінің көшірмесі және (немесе) зертханасы көрсетілген ұйымның құрылымы;
- зертхана паспорты;
- зертхананы жалға алу шарты (егер ұйым зерттеу жұмыстарына зертхананы жалға алса);
- түсіндірме (еркін нысанда, егер жүзеге асыратын ғылыми қызмет түріне зертхана қажет болмаған жағдайда);
- жұмыс конструкторлық, технологиялық және техникалық құжаттама/макет үлгісінің, объектінің егжей-тегжейлі макеті (моделі)/технологияның (объектінің) зертханалық прототипін, толық ауқымды толық функционалды прототиптін, нақты құрылғыны тестілеу қорытындылары/сынақ хаттамасы/әзірленген бағдарламалық жасақтама/өнеркәсіптік үлгіні көрсету (бар болса, технологиялық дайындық деңгейіне байланысты);
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау туралы шарттар;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп көшірмелері және (немесе) атқарылған жұмыстар актісі;
- өнертабыс, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы моделдер, селекциялық жетістіктер патенттері/авторлық құқық куәлігі /халықаралық патент (еуразиялық патент, Patent Cooperation Treaty (халықаралық патенттік жүйе, бұдан әрі - патент РСТ)/лицензиялық келісімдер;
- жарияланған ғылыми мақалалар/конференциялар, форумдар, съездер, симпозиумдар, конгресстер бойынша жарияланған материалдар/монографиялар, оқулықтар, құралдар,әдістемелік құжаттар.
Егер субъект қызметінің кезеңі 5 (бес) жылдан аспаса, қызметінің барлық кезеңіндегі растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.