Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы
Қызметті онлайн алу
- БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
- Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу.
- БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.
Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.