Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті сынау нәтижелері бойынша акт беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
Сервистік бағдарламалық өнімді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын қоспағанда, сынақ объектілерін сынау кезінде:
- Cынақтар актісін алуға өтініш.
- Бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
- Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
- Жүктемелік сынау хаттамасы.
- Желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау хаттамасы.
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы.
- Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.
Сервистік бағдарламалық өнімді сынау кезінде:
- Cынақтар актісін алуға өтініш.
- бастапқы кодтарын талдау хаттамасы.
- ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
- жүктемелік сынау хаттамасы.
- Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын сынақтан өткізу кезінде:
- Cынақтар актісін алуға өтініш.
- бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
- ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
- желілік инфрақұрылымын зерттеп-қарау хаттамасы.
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы.
- Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.
Біртекті бөлінген сынақ объектісінің тораптарын сынау кезінде:
- Cынақтар актісін алуға өтініш.
- Бастапқы кодтарды талдау хаттамасы.
- Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы.
- Cынақ объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі бекіткен сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық.
Қызмет көрсету нәтижесі
Сынақ объектілерінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың көшірмесі қоса берілген нысан бойынша сынақтар актісі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.