Жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау бойынша анықтама
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) тарауында өңделген анықтамамен танысу.
*Онлайн-қызметті ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша ғана алуға болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің мекен-жайын анықтау туралы анықтама алу үшін (жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсету туралы анықтама (тарихы бар немесе тарихы жоқ), жылжымайтын мүліктің мекен-жайын тағайындау туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің мекен-жайын жою туралы анықтама):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
Ескертпе* Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.