Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Қызметті онлайн қалай алуға болады
- Кіру және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасына өтіңіз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Мемлекеттік корпорацияда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Растайтын құжат (кепіл шарты, жылжымалы мүлік кепілді тіркеу туралы куәлік).
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште: - міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілдің тоқтатылуы туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Порталы арқылы электрондық форматта: міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік, кепілдің тоқтатылғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.




