Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1-өтініш немесе 2-өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжаты болуы тиіс.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының мәліметтері, банктік шоттың нөмірі туралы, өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
- Мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі беріледі, құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Төлемді тағайындау туралы хабарлама.