Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) жолдамамен танысу және Жұмыспен қамту басқармасына жүгіну.
- Қызмет Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының және облыстық, аудандық орталықтардың тұрғындары үшін қолжетімді.
- "Қандас" мәртебесі бар адамдарға портал арқылы өтініш беру қолжетімсіз.
- Өтініш беруші тіркелген жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз адам ретінде тіркелген болуы тиіс (онлайн тіркелу).
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Жастар практикасына жолдама алу үшін:
- 5-ші нысан бойынша өтініш.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін:
- 6-шы нысан бойынша өтініш.
Қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:
- 7-ші нысан бойынша өтініш.
Қызмет көрсету нәтижесі
Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:жұмысқа орналасуға жолдама,жастар практикасына жолдама,әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама,қоғамдық жұмыстарға жолдама не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.