Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті онлайн алу
- Порталда Авторизациядан өту және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы өтінішті ұсынады.
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
- Сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама).
- Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген) 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
- Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Проактивті қызмет арқылы:
- Әлеуметтік төлем тағайындау үшін - көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жіберетін банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну". Бұл ретте,оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде банк шотының нөмірін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.