Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.
Қызметті онлайн алу
- "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
- https://cabinet.bolashak.gov.kz/ веб-порталына өту.
Қажетті құжаттар:
- Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырылған үміткер анкетасы.
- Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі.
- Паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
- Ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
- Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану куәлігін не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану жөніндегі өзге құжат.
- Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
- Нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
- Нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
- Шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама.
- Үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (толық есептеулері жазылған) көрсетілген құжат, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
- Жұмыс беруші бекіткен ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында және (немесе) отандық немесе уәкілетті орган ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін және (немесе) халықаралық ғылыми конференциялар жинағында жарияланған кемінде бір мақала немесе шолу) және (немесе) кемінде бір Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімі.
- Ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі.
- Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы немесе Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.