Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
- Балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
- Ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі - бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
- Баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);
- Баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
- Баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);
- Шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту.