Құжаттарды заңдастыру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
жеке тұлға үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
- заңдастыруға жататын құжат;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
заңды тұлға үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
- заңдастыруға жататын құжат;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
- құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
- өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).
Қызмет көрсету нәтижесі
Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.