Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг)
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Қызметке қосылу туралы хабарламамен пайда болған терезеде танысуға болады.
- SMS-хабарлама алғаннан кейін жеке кабинетте несие тарихындағы өзгертулер бойынша детализациямен танысуға болады.
Credit Control несие тарихын бақылау (мониторинг) жеке тұлғаның несиелік тарихындағы нақты бір өзгерістерді, сондай-ақ ЖТ несиелік тарихын қандай банкілердің сұрау салуларын қадағалауға мүмкіндік беретін қызмет болып табылады.
Жазылу мерзімі кезінде ЖТ несиелік тарихында өзгеріс болған жағдайда, арызданушыға оның несиелік тарихында ақпараттың өзгеруі туралы SMS-ескертпе келеді.
Несиелік тарих мониторингі қызметінен бас тарту кезінде төленген сома қайтарылмайды.
Жазылу шарттары:
«Несие тарихын бақылау» қызметіне қосылуда есептік кезең ретінде күнтізбелік ай саналатынын назарыңызға аударамыз, яғни жазылу ресімделген ай. Мысалы, егер сіз қызметке 20 қыркүйекке дейін 3 ай мерзімге қосылсаңыз, онда жазылудың бірінші айының мерзімі Астана уақыты бойынша 30 қыркүйекте сағат 24.00-де аяқталады. Барлық жазылу мерзімінің аяқталу мерзімі Астана уақыты бойынша сағат 24.00-де аяқталады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Өтінім мәртебесінің өзгеруі.