Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту
Қызметті онлайн қалай алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» сілтемесін басыңыз.
- Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімді ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Жер комиссиясының оң шешімі (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) немесе жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгергені туралы оң қорытынды қорытынды (елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде) болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу.
- Әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер учаскесін сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.



