АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Баспаға шығару нұсқасы
2026 жылғы 23 маусым«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілгенін хабарлайды.
Енді жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, келесі тәсілдердің бірі арқылы қосымша растаудан өту қажет:
– Қазақстан Республикасының Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу;
– eGov Mobile қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынатын кодты енгізу.
Бұл механизм Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды.
Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.



