Ақпараттық хабарлама Баспаға шығару нұсқасы
2023 жылғы 13 шілдеБүгін Электрондық үкімет порталында білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды. Қазіргі уақытта осы қызметті алу барысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапында техникалық ақаулар байқалуда.
Инфрақұрылым жағында және ҰББД АЖ мәліметтерін беру бойынша онлайн анықтамалықтарда келесі техникалық проблемалар туындады: ҰБТ нәтижелері, білім беру бағдарламалары, ЖОО мәліметтерінің болмауы.
Бұл қызметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, «Ұлттық тестілеу орталығы» АҚ, «ҰАТ» АҚ бірлесіп іске асырды және осы қызметті алу үшін барлық мәліметтер ҰББД АЖ және ҰТО дерекқорынан тартылады.
Қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері аталмыш қызметтің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өтінім беру үшін қажетті техникалық жұмыстарды жүргізуде. Сонымен қатар, биылғы жылы қызметті барынша үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында көпарналы түрде (ЖОО-ның қабылдау комиссиялары және онлайн қабылдау ЖОО-лары арқылы қосымша) көрсетілетінін атап өтеміз.
Egov порталы - бұл пайдаланушымен өзара іс-қимыл терезесі. Біз қызметке қажетті мемлекеттік органның деректерін ғана қолданамыз, бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерекқорынан алынады. Портал алдымен талапкердің қандай мамандықты таңдай алатынын, ҰБТ нәтижелері және т.б. ақпаратты алады. Егер осы мәліметтерді алу дұрыс жұмыс істемесе, талапкер қызметті пайдалана алмайды.