Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Жеке тәртіппен:
- Еркін нысанда жазылған өтініш және халықаралық тасымалдау көлік құралын қарап тексеруге бос күйінде әкелу.
- Жіберу туралы куәліктің бланкісі.
- Автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының сызбалары, фотосуреттері және егжей–тегжейлі сипаттамасы.
- Автомобиль көлік құралына, тіркемеге, жартылай тіркемеге қатысты жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері.
- Автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.
Өтінішке қоса берілетін фотосуреттер мен сызбаларда автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің алдыңғы жағынан, артқы жағынан, сол жағынан, оң жағынан түрлері, сондай–ақ кедендік пломбалар мен мөрлерді салу үшін орындар көрсетілуі тиіс. Бір фотосуретте немесе сызбада бір мезгілде автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көп дегенде екі түрін көрсетуге жол беріледі.
Көлік құралдарының конструкциясының (сериясының) типі бойынша (қажетті құжаттар):
- Автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің түрін, оның белгілері мен көрсетілетін қызметті алушы (дайындаушы) алдын ала тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберуге жататын көлік құралы конструкциясының типіне (сериясына) беретін тану цифрларын немесе әріптерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш.
Өтініште, көрсетілетін қызметті алушы (дайындаушы):
- көрсетілетін қызметті берушіге оларды конструкцияның (серияның) осы типіндегі автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені кез келген сәтте олардың сериялық өндірісі барысында қарап тексеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға;
- көрсетілетін қызметті берушіні осы өзгерістер жүргізілгенге дейін конструкцияның (серияның) сызбаларындағы және сипаттамаларындағы кез келген өзгерістер туралы хабардар етуге;
- автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көрінетін жеріне конструкциясы (сериясы) типінің тану цифрларын немесе әріптерін, сондай-ақ сериямен шығарылатын аталған типтегі әрбір автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің тану немесе зауыт нөмірін салуға;
- конструкцияның (серияның) жіберілген типіне сәйкес дайындалған автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің есебін жүргізуге жазбаша міндеттенеді;
- Шешіммен белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі.
- Алдын ала тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберуге жататын автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының (сериясының) типінің сызбалары, фотосуреттері және егжей–тегжейлі сипаттамасы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Халықаралық тасымалдау көлік құралына кедендік пломбалар мен мөрлер басып тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру және ұзарту, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап