Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажеті құжаттар):
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
- "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш.
- Көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
«Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін мыналар жіберіледі:
- "Құпия" деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш.
- Тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы.
- Көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
Қызмет көрсету нәтижесі
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
- қызмет бабында пайдалану үшін деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде ("қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
"Құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
- "құпия" белгісі бар мәліметтер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде ("құпия" белгісімен).
Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
- мәліметтер немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.