Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- Құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
- Автомобильдің конструкциясына өзгерістер енгізу бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу;
- Тиісті сынақтар өткізе отырып, аккредиттелген зертханадан құжаттар;
- Конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру үшін техникалық қарап тексеру орталығынан диагностикалық карта.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру немесе дәлелді бас тарту.