Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.