Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу
Қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз.
- Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімге ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық схемасы (жоспары) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (бұдан әрі - ӘТБ) жобаланатын шекараларын жылжымайтын сәйкес келген жағдайда, әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісі. ӘАБ жобаланатын шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде, жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтығы. Не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту .



