Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Еңбек қызметі туралы мәліметтерді, білімі туралы деректерді, жеке дағдыларын, тілдерді білуін, жұмыс режимін, лауазымын және еңбекақысын толтыру.
- Жеке деректерді enbek.kz порталына орналастыруға келісім беру.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеуде болу керек).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Онлайн өтініш беру "қандас" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.
Қызметті мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса) ұсынады.
Жеке куәлік пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.