Қызметті онлайн алу
- Көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат).
- SMS алу мүмкіндігі бар телефонның болуы.
- Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера (немесе камерасы бар ұялы телефон) болуы керек.
- ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, нұсқауларға сәйкес кері қайтаруды аяқтаңыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығынан (НУЦ РК) тіркеу куәлігін (ЭЦҚ кілттерін) тек биометриялық сәйкестендіруден сәтті өткеннен кейін ғана жеке өзі алуға болады. Егер қандай да бір себептермен биометриялық сәйкестендіру сәтті өтпесе, бес рет сәтсіз әрекеттен кейін сізге жеке сәйкестендіруден өту және оны растау үшін ХҚКО-ға немесе шетелдегі мекемеге (толық тізім pki.gov.kz сайтында қолжетімді) жүгіну мүмкіндігі беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру.
2) Кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірлерін орналастырумен тіркеу куәліктерін кері қайтару.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



