Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Қадамдық процеске сәйкес өтінімді толтырыңыз.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Жер учаскесін бастапқы беру кезінде:
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, не электрондық цифрлық сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің көшірмесі.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге).
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде (жер учаскесін сатып алған жағдайда):
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.