«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
Қызметті порталда қалай алуға болады:
- Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға электрондық өтінім.
- Қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.
- Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар)
- Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім.
- Бизнес-жоспар.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (2014 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген).
- Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).
Қызмет көрсету нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап