Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басты куәландірәтін құжат.
- Өтініш.
Өтінішке мерзімін ұзарту/бөліп төлеуді ұсыну үшін негізді растайтын құжаттар:
төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе тосын күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде:
- өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;
- келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген кезде:
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідірткен туралы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;
- келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде:
- Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарының расталған көшірмелері;
- келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде:
- ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ әділет органдарында тіркелген жарғының көшірмесі (болған кезде);
- келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, олардың құрауыштары мен оның қосалқы бөлшектерін әкелген кезде:
- шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ коммерциялық құжаттарын жеткізу туралы шарт (келісімшарт);
- әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).
- Кедендік әкелу баждардын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап