Салықтық есептілікті керi қайтарып алу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қойыңыз (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):
- Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішті.
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған салықтық есептілікті жою әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
Уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы мәлімет немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.