Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша тұлғаларды аккредиттеу
Қызметті порталда алу
Куәлікті беру кезінде:
- Өтінім.
- Аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтер.
- Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының үш айдан астам уақыт ішіндегі анықтамасы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда).
- СР3Р халықаралық сертификаттарының, жоғары білім туралы дипломдардың электрондық (сканерленген) көшірмелері.
- Өтініш беруші мен СР3Р халықаралық сертификаттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің әрқайсысы арасындағы еңбек қатынастарын растайтын еңбек шарттарының (келісімдерінің) электрондық (сканерленген) көшірмесі.
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы штат мамандарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
Кәлікті қайта ресімдеу кезінде:
- Еркін нысанда жасалған куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініштің электрондық (сканерленген) көшірмесі.
- Заңды тұлға атауының өзгергенін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



