Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылардың АӨК СМАЖ -да дербес шоттың болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің «шлюзі» арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.



