Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Бес килограмнан астам балықтарды және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (циста)) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың көшірмесі
- Жануардан алынатын шикізатты (тері және үлдір шикізаты) тасымалдау кезінде – ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) нөмірі және күні.
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстыру кезінде – ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі
Қызмет көрсету нәтижесі
Ветеринариялық анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.



