Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау
Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде market.documentolog.com сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- market.documentolog.com сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «market.documentolog.com» сервисінде өтінішті қарастыру мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Магистратураға құжаттарды қабылдау:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжат.
- Мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – Жолдама.
- Мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама.
- Өңірлік квота бойынша түсетін тұлғалар және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат.
- № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтама.
- Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
Докторантураға құжаттарды қабылдау:
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжат.
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- Мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – Жолдама.
- Мемлекеттік қызметші болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама.
- Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат.
- № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтама.
- Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда) – докторантураға түсуші тұлғалар үшін (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
- Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары.
- Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы құжат (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады).
Қызмет көрсету нәтижесі
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы қолхат.
Көрсетілетін қызмет берушінің талап етілмеген құжаттарды сақтау шарттары: көзделген мерзімдерде қызмет алушымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу бойынша өтініш жасамаған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушы оны алғанға дейін қабылдау орнында сақталуын қамтамасыз етеді.



