Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлікті беру туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Облыс, аудан және елді мекенді таңдау жолымен 1949-1965 жылдар, 1966-1990 жылдар кезеңінде радиациялық әсер ету аймағы аумағында тұру, жұмыс істеу немесе қызмет өткеру (оның ішінде шұғыл) уақыты туралы мәліметтерді толтыру.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру, жұмыс істеу немесе қызмет өткеру (оның ішінде шұғыл) фактісі мен кезеңін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу.
- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш 1 және 2 қосымша бойынша.
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (архив анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), негізгі орта білім немесе жалпы орта білім туралы аттестат, неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (бар болса) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).
- Болған жағдайда – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
- Егер Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы ақпараттарды көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушіде:
- Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім.
- Куәлікті немесе оның телнұсқасын беру.
Мемлекеттік корпорацияда:
- Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім.
- Куәлікті немесе оның телнұсқасын беру.
- Көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару арқылы өтемақы төлеу.
- Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушылардың жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.