Жол жүру құжатын беру
Қызметті порталда қалай алуға болады:
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салу:
- Графикалық файл түріндегі графикалық сурет, цифрлық фотосурет мөлшері 3,5 х 4,5 см және мөлшерінде және 7 х 2 см форматында сканерленген нұсқада жеке қолтаңбасы.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде келесі құжаттардың бірі болуы тиіс:
- Туу туралы акт жазбасы (реадмиссияланатын адамдарды құжаттандыру кезінде).
- Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған босқындар немесе реадмиссияланатын адамдардың жол жүру құжаттарын алу кезінде).
- Азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
- Шетелдік паспорт.
- Өтінімді берген күнге кемінде 3 ай босқын мәртебесінің әрекет ету мерзімімен босқын куәлігі.
Жоғалтуға байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін босқын уәкілетті мемлекеттік органға жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті қосымша ұсынады.
Айқындамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінуінің негізділігін растайтын құжат ұсынады.
16 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушылар, соңдай-ақ реадмиссиялауға және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуге жататын адамдар үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жол жүру құжатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.