Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда «Онлайн сұрау» түймесін басыңыз;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында қажетті файлдарды жүктеп алыңыз, нұсқауларға сәйкес орнатыңыз.
Қызметті қызмет берушіден немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан алу (қажетті құжаттар):
этил спирті және/немесе шарап материалына:
- Этил спирті және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш.
алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа):
- Есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтініш.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады
Қызмет көрсету нәтижесі
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе дәлелді бас тарту.