Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ алуға (қажетті құжаттар):
- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім.
- Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін.
- Қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.