Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш.
- Құжаттың эскизі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және облыстық және аудандық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шарт, не оны беруден уәжді бас тарту.



