Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің көшірмелері;
- Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
- Жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);
- Жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
- Инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
- Жерүсті немесе жерасты көздерінен суды тікелей (бастапқы) алған жағдайда арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.
АШТӨ суармалы су беру қызметтерін су беру ұйымдарынан алған жағдайда су ұйымдарымен жасалынған келісім-шартты ұсынады.
Егер суарылмайтын жерлерге суарылатындай жағдай жасалса, инвестор Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне (суарылмайтын егістіктен суарылатын егістікке) ауыстыруды қамтамасыз етеді.
- Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы;
- Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойған инвестициялық субсидиялау шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.



