Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Пайдалану түріне қарай қосымша:
- ғылыми-зерттеу үшін аулауға:
- ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
- балық ресурстары объектілерін және басқа да су жануарларын алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
- бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);
- өсімді молайту мақсатында аулауға:
- балық ресурстарын молықтыруға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау үшін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесінің электрондық көшірмесі;
- балық ресурстарын жасанды молықтыру жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметтер);
- Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өсімді молайту мақсатында пайдалануға:
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды негіздеуші материалдардың электрондық көшірмесі (биологиялық негіздеме).
Қызмет көрсету нәтижесі
Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, өсімді молайту мақсатында аулау);
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болғызбау мақсатында пайдалану не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.



