Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының өтініш беруге уәкілетті тұлға туралы ақпаратты қамтитын банкке айырбастау нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің көшірмесі.
- Осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының акцияларын кемінде 10 (он) пайыз мөлшерінде иеленетін акционерлер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер.
- Көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
- Көрсетілетін қызметті алушыны «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін банкке айналдыру бойынша іс-шаралар жоспары.
- Көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі келесі үш жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар, ашылатын банктің толық құрылымы, қаржылық перспективалары (алғашқы 3 қаржы (операциялық) жылына арналған бюджеті, есеп айырысу балансы, пайда мен зиянының шоты, маркетингтік жоспары (банктің клиенттерін қалыптастыру), сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты қоса алғанда «Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20228 болып тіркелген) белгіленеді.
- Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен жарғының жобасы.
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.
- Банктер туралы заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш беруші банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу қажет болған жағдайда Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес ұсынылатын тәртіппен құжаттар мен мәліметтер.
Қызмет көрсету нәтижесі
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты және Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты.